Спорт
Айбек Оралбай Ташкенттегі ӘЧ-де бірінші қарсыласын нокдаунға түсірді
- author AR-AY
- 2 мамыр, 2023
- 160
Айбек Оралбай Ташкенттегі ӘЧ-де бірінші қарсыласын нокдаунға түсірді
Ташкентте бокстан әлем чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайды Arainfo.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы атынан шаршы алаңға алғашқы болып Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай шықты. Тартысты жекпе-жектердің нәтижесінде біздің спортшылар жеңіске жетті. 60 келіде өнер көрсететін Сырымбетов Таиланд елінің өкілі Сакда Руамтаммен бокстасты. Отандасымыз алғашқы секундтардан бастап кездесу тізгінін өз қолында ұстап, айқын басымдық көрсетті. Нәтижесінде Талғат 5:0 есебімен басым түсті. Енді келесі айналымда ол Иордания боксшысы Абу Жаемен жұдырықтасады.Алғашқы болып шыққандықтан, маған үлкен сенім артылды. Жауапкершілікті түсіндім. Бапкерлермен бірге жоспарлағандай, барлығы ойдағыдай болды. Қалған жігіттерге сәттілік тілеймін, - деді Талғат Сырымбетов жекпе-жектен кейін.Бұдан кейін, «Хумо-Арена» рингінде 92 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Оралбай өз өнерін ортаға салды. Азия чемпионы деген атағы бар Айбек ӘЧ қола жүлдегері - болгариялық Радослав Панталеевпен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен басым түсті. Ташкенттегі әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Жүлделер үшін 104 елден жиналған 600-дан аса былғары қолғап шебері таласқа түсуде. Жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды. Тікелей трансляцияларды «Qazaqstan» и «Qazsport» телеарналарының эфирінен көруге болады.
Келесі мақала