Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдықтар белгілі жыршы, сазгер Аяз Бетбаевты еске алды

Жамбылдықтар белгілі жыршы, сазгер Аяз Бетбаевты еске алды
ашық дереккөз
Жамбылдықтар белгілі жыршы, сазгер Аяз Бетбаевты еске алды
Таразда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, жыршы, сазгер Аяз Бетбаевты еске алу кеші өтті. Бұл облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың бастамасы. Оны облыс әкімдігі мәдениет , архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Шу ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. ​Аяз Бетбаев 1942 жылы, ақпанның 13 күні Жамбыл облысы Шу ауданы, Алға ауылында дүниеге келген. Республикалық, облыстық көлеміндегі ақындар айтыстарының жеңімпазы, Мәскеуде өткен екінші Бүкілодақтық халық шығармашылығы Фестивалінің лауреаты, «Жетісу әуендері» атты күйлер жинағының, «Шу толқындары» кітаптың авторы. 1996 жылы ҚХР-да ақын-жыршының шығармалары жазылған 6 мың данадан тұратын аудиотаспасы шықты. 1992 жылы 27 ақпанда «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын алды, 2001 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Шу ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. 2006 жылы зейнетке шықты. ​Халық жүрегінен ерекше орын алған ақын, термеші, композитор, әнші, Аяз Бетбаев 2018 жылдың 8 сәуір күні өмірден өтті.. Кеште Аяздың шәкірті Бейбіт Шошабаев ұстазының терме - толғауларын айтты. Осы Бейбіт Шошабаев пен Шу ауданының ақыны , облыстық айтыстардың жүлдегері Бақытбек Жұмабеков арасындағы айтыс та сәтті шықты. Шу ауданындағы " Әсем әуен'" фольклорлық ансамблі А. Бктбаевтың " Жүлынған гүл" , " Ақ бейне ару - асыл ән" әндерін тамаша орындады . Облыстық Аяз Бетбаевтың шығармашылығына арналған байқаудың жеңімпазы Әбілқасым Сайлыбаев "'Аяздың Кененге сәлем беруі" термесін жоғары шеберлікпен орындады . Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония әншілері Жақсылық Тілеубеков Кененнің " Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған " , Айгүл Есекеева " Бастау" әндерін тамаша орындады . Жақсылық Қалтешовтың орындауындағы " Қадірлейік достарды" әні сәтті шықты . Кештің ерекше сәті Шығыс Қазақстан облысы , Зайсан ауданынан арнайы келген Аяздың шәкірті Серік Бейсенбаевтың ұстазының " Сағыныш" әнін орындауы болды . Аяздай ұстазын сағынған С. Бейсенбаевтың сонша қашықтан келуі нағыз азаматтық дер едік.Бұл кешке Аяз Бетбаевтың асыл жары, баласы Бақыт Бетбаев арнайы келіп қатысып отырды . Еске алу кешін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календаров қорытындылап сөз сөйледі : " Қадірлі жұртшылық ! Осы еске алу кешінің өтуіне облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ерекше қолдау білдірді . Аяз Бетбаев - Алты Алашқа ортақ биік тұлға . Ол кісінің мұрасы қашанда құнды . Алдағы уақытта да Аяз мұраларын дәріптеу жалғаса береді " дей келе облыс әкімінің атынан Аяздың шәкірті Бейбіт Шошабаевқа шапан жауып құрмет көрсетіп, " Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттады . Бұл құрмет - Аяздың барлық шәкірттеріне жасалған құрмет деп түсіндік . Сахнаға облыс әкімінің ықылас гүлі, Қордай , Шу аудандары әкімінің ықылас гүлдері қойылды . Біз өнерпаздарды ұзақ шапалақпен қолдауынан тыңдармандардың әйгілі Аяз Бетбаевты сағынғандарын байқадық . Аяз мұралары ешқашан ескірмейтінін сезіндік .

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар