Белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев өмірден өтті.
Белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев өмірден өтті. Бұл туралы журналист Ардақ Байғалбыл әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бүгін қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын сізді ағау. 30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына баражатқан жерінде жолда көлік қағып кетті», деп жазды ол.
Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысына қарасты Амангелді ауылында туған.
Ол 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген.
Серік Қалиевтың «Жұлдыз - сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген.
Келесі мақала