Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балаларға арналған байланыс тарифі енгізілуі мүмкін

Балаларға арналған байланыс тарифі енгізілуі мүмкін
ашық дереккөз
Балаларға арналған байланыс тарифі енгізілуі мүмкін
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда тек балаларға арналған SIM-карта енгізу мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Біз әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Балаларға арналған «ақ» интернет мәселесіне тоқталайын. Мұнда керек емес сайттар бұғатталады да тек баланың дамуына қажет тізім (сайттар) қалады. Біз байланыс тарифін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол байланыс операторында сатылады. Бүгінде түрлі ұялы байланыс тарифі бар ғой. Қандай да бір байланыс тарифиі артық болмайтын шығар? - деді министр Үкімет отырысынан соң.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда тек балаларға арналған SIM-карта енгізілуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Балаларға арналған жеке SIM-карта керек. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Біз осындай жүйені енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді, – деген еді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар