
Университет аруы анықталды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дулати аруы-2023» байқауы өтті. Сайыста білімі мен сымбаты келіскен 12 ару сынға түсті.
Қазақ халқының педагогикасы негізінде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, нәзіктік пен сұлулықты бойына сіңірген «Қазақ аруы» эталонын қалыптастыруды көздейтін бұл байқау көпшіліктің көңілінен шықты. Ақыл-парасатымен ел басқарған, талайды тәнті еткен қазақтың даңқты қыздарының тұлғасын жастарға үлгі етіп қана қоймай, осы көріністерді сахналап көрсеткен арулар бірінен-бірі өткен өнерлі, талантты.
Сұлулықты ғана емес, білім мен парасатты тең ұстаған аруды анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады. Байқау сәлемдесу, өнер сайысы, танымдық сайыс және кешкі сән үлгісін көрсету секілді 4 кезеңнен тұрды.
Сыннан сүрінбей өтіп, көрермен көңілінен шыққан аруларымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» институтының «Жерге орналастыру» мамандығының 1-курс студенті Карина Хамитова иеленді.
І орынды Аружан Әзімбай еншілесе, ІІ орын Әлия Жаңабаеваға бұйырды. Диляра Айнақұлова және Нұршахризада Салимова ІІІ орыннан көрінді. Барлық қатысушылар алғыс хат және дипломмен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Келесі мақала
«Жайдарман» ойындары мәреге жетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«25 қазан-Республика күні: тарих һәм дерек» оқырман конференциясы өтті
- авторAR-AY
- 21 қазан, 2025