Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын ұлғайту еңбек нарығына теріс әсер етеді

2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын ұлғайту еңбек нарығына теріс әсер етеді
ашық дереккөз
2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын ұлғайту еңбек нарығына теріс әсер етеді
 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыру жоспарлануда. Бұл еңбек нарығындағы мәселені күрделендіріп жібереді. «Ашық» НҚА порталында жарияланған Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарында осылай жазылған, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. «2028 жылға дейін нарықтағы жағдай әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды тоқтата тұрудың арқасында айтарлықтай күрделі емес. Алайда, 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды қайта бастау жоспарлануда. Бұл егде жастағы әйелдердің жұмысқа қабілеттілік мерзімін ұзартуға келеді. Жас жұмыс күшінің өсуімен бірге бұл еңбек нарығындағы жағдайды күрт нашарлатады», - делінген құжатта. Осы түйткілдерді алдын ала шешу мақсатында Еңбек және халықты қорағау министрігі Еңбек нарығын дамытудың 5 жылдық жоспарын бекітуді ұсынып отыр.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар