Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
- author AR-AY
- 21 сәуір, 2023
- 367
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті ел тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қадірлі отандастар!
Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы.
Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.
Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар.
Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз.
Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін!
Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін!
Айт қабыл болсын, ағайын!
Келесі мақала
Neet санаты: Үкімет жастарды қолдауды күшетеді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




