Қоғам
Алтай Көлгінов биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты
- author AR-AY
- 19 сәуір, 2023
- 522
Алтай Көлгінов биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған 900 мыңға жуық адам алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5% өсті. Ал бірінші шілдеден бастап сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл төлемдер тағы 14,5% өседі. Сонда биыл жылдық өсім 23% болады», - деді Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның айлығы 30% өскен.
«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20% , колледждерде 50% артады. Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік шаралары 4 400 мың қазақстандыққа әсер етті. Сіздің бастамаңыз бойынша депозиттерге 10 пайыз өтемақы төлеу шарасының аясында наурыз айында 2 млн 600 мың салымшыға 307 млрд теңге төленді», - деді үкімет басшысының орынбасары.
Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.
Келесі мақала