Жаңалықтар
Биыл 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылады – Әлихан Смайылов
- author AR-AY
- 19 сәуір, 2023
- 192
Биыл 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылады – Әлихан Смайылов
Кейінгі төрт аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция тіркелмеді. Бұл туралы премьер-министр елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
«Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2%-ды құрады. Елімізге 28 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 8%-ға ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 32%-ға өсіп, 134 млрд долларды құрады», - деді Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға артып, 1,8 миллионнан асты.
Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға өсіп, 3,9 млн адамға жетті. Нәтижесінде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 33,5%-дан 36%-ға дейін өсті. Жалпы өткен жылы 980 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, - деді Үкімет басшысы.Үкімет басшысының айтуынша, қаңтар-наурыз айында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9%-ды құрады. Барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика қалыптасып отыр:
- құрылыста – 16%;
- саудада – 12%;
- көлік саласында – 8%;
- өңдеу өнеркәсібінде – 5,4% өсім тіркелді.
Бағаны тұрақтандыру – үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды міндеттерінің бірі. Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр. Нәтижесінде биыл наурызда жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады. Соңғы 4 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция тіркелген жоқ. Біздің алдымызда биыл инфляцияны екі есеге дейін төмендету міндеті тұр, - деді Әлихан Смайылов.Сондай-ақ халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. «Биыл 4,4 млн адамды көтерілген әлеуметтік төлеммен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді. Халықтың табысын арттыру мақсатында 3 млннан аса адамның жалақысы өсті. Биыл ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістер ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және вакансиялар есебінен 1 млнға жуық адам жұмыспен қамтылады», - деді Смайылов.
Келесі мақала