Жаңалықтар
Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді
- author AR-AY
- 18 сәуір, 2023
- 329
Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.
Ақорданың хабарлауынша, жиын 19 сәуірде өтеді деп жоспарланған.
Жиынға премьер-министр, парламент палаталарының спикерлері, президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері қатысады.Сондай-ақ жиында Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Instagram-ның ресми парақшасы қазақстандық саяхатшының видеосын жариялады
- авторAR-AY
- 4 қараша, 2025




