Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін

Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін
ашық дереккөз
Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін
Қазақстандық екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Дайындалған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда "Шетел тілі" пәні алып тасталатыны айтылған.
10-11-сыныптарда оқу жүктемесі қысқартылған үлгілік оқу жоспарларында "Шетел тілі" пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.
"11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін игеруге мүмкіндік береді", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.
Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

ҚҰТ ӘКЕЛЕР ҚҰС ФЕРМАСЫ
Алдыңғы мақала
ҚҰТ ӘКЕЛЕР ҚҰС ФЕРМАСЫ

Ұқсас жаңалықтар