Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдықтар жүлделі орыннан көрінді

Жамбылдықтар жүлделі орыннан көрінді
ашық дереккөз
Жамбылдықтар жүлделі орыннан көрінді
"AMANAT CUP" медиа және өнер қызметкерлері арасында Алматыда өткен республикалық Жұлдыз лига кіші футбол турнирінде айтыскерлер және медиа өкілдерінен жасақталып барған "Жамбыл" құрамасы үшінші орын тұғырынан көрінді. Қазақстанның жан-жағынан келген кіл 8 мықты команда бағын сынады. Жұлдыз лига жобасын қолына алған талай таланттардың өсуіне ықпалын тигізіп келе жатырған Нұрсұлтан Құрманға үлкен алғыс білдіреміз. Осы турнирдің басты жаңалығы және турнирдің үздік жас ойыншысын Жамбыл айтыскерлер мектебінің түлегі Тағайбеков Алиясқар жеңіп алды. —Жетекшілікті қолыма алған соң біршама есікті қаққандай болдық. Құрамамызға қолдауымен демеулігін жасаған жақындағана парламентке депутат болып сайланған Guldara Nurumova әпкемізге, жастар мен өнер жанашыры Әулиеата автопарк директоры Рашид Пирманов ағамызға, жақында өңірімізге депутат болып сайланған Руслан Мыркалыков мырзаға, облыстық халық шығармашылықтың директоры Гани Садырбаев қа, қала әкімінің кеңесшісі Дәулет Төленді ағаларымызға үлкен алғыс білдіреміз! Жұмыстарына табыс, дендеріне саулық, Қасиетті ораза айында шаңырақтарына барлық жақсылықтарды тілейміз! Алла абырой берсін!! Жеңісті жорықтарымыз көп болсын!!!!-дейді "Жамбыл" құрамасының жетекшісі, айтыскер ақын Нұрлыбек Құрманов.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар