Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қаланы дамыту мәселелері талқыланды

Қаланы дамыту мәселелері талқыланды
ашық дереккөз
Қаланы дамыту мәселелері талқыланды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Urban Living» ЖШС-ның мамандарымен кездесті. Басқосуда аталмыш серіктестік басшысы Гүлмира Байгабулова мен танымал сәулетші Рикардо Марини Тараз қаласын дамытудың жоспарларымен бөлісіп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жайында пікірілері мен ойын ортаға салды. Рикардо Марини – Италияның сәулет және қала құрылысы саласындағы танымал сарапшысы әрі Мәскеу, Буэнос-Айрес, Нью-Йорк секілді ірі қалалардағы бірнеше жобаның авторы. Ол өз сөзінде тараздықтар мен туристер үшін қаланы барынша жайлы ету жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Ол бұған дейін Тараз қаласында бірнеше рет болып, шаһардың әлеуетін шолып, зерттеп, зерделеп, көшелерді жаяу аралап, әкімшілік-іскерлік орталықтың, жалпы облыс орталығының тыныс-тіршілігімен танысқанын және сол бойынша талдау жұмыстарын жүргізгенін тілге тиек етті. Сонымен бірге жасыл желекті одан әрі дамытуды, оларды саябақтармен жалғастыруды ұсынды. «Жалпы аймақтарды машиналардан арылтып, адамдар үшін жайлы жаңа демалыс орындарын құрған жөн», деді ол. Аймақ басшысы қала басшылығына жобаны жан-жақты зерделеп, тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар