Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА

ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА
ашық дереккөз
ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА
Қақаған қыс өтіп, жадыраған көктемнің жеткеніне де бір айдан асты. Енді санаулы күндерден соң жылыту маусымы аяқталады. Осы бір науқан тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін аса маңызды. Сондықтан келесі маусымға дайындықты қазірден бастаған жөн. Тараз қаласының әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алуда.  Тараз қаласында жалпы 1 537 әлеуметтік маңызы бар нысан жылу беру кәсіпорындары тарапынан жылумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ осы кезеңде халық тұтынатын көмірдің көлемі қала аумағындағы газдандырылмаған тұрғын үйлер санына байланысты есептеліп отырады. Мысалы, өткен жылдың басында шаһар аумағында газ тартылмаған 3 694 үй тіркелген. Соған орай 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде тұтынылатын көмірдің көлемі 18 470 тоннаны құрап, жоспарланған көмір көлемін халық сатып алған. Оның ішінде Қаражыра көмірінің орта бағасы – 17 166 теңге, Шұбаркөл көмірінің орта бағасы – 16 750 теңге. Қазіргі таңда қала аумағында газдандырылмаған 2 681 тұрғын үй бар. Бұл көрсеткіш шаһардағы газдандыру жұмыстарының қарқынды жүруіне байланысты өткен жылғы көрсеткіштен 1 013 тұрғын үйге аз. Осыған байланысты 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде тұтынылатын жоспарлы көмірдің көлемі де азайып, 13 405 тоннаны құрады. Бұл салыстырмалы түрде 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңіндегі қажеттіліктен 5 065 тоннаға азайып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, ағымдағы жылыту маусымы кезеңінде «Таразтрансэнерго» мекемесінде 8, «Жамбыл Жылу» мекемесінде 27 ақау тіркелген. «Таразтрансэнерго» мекемесі 208 шақырым жылу желілеріне қызмет көрсетеді. Оның ішінде 49 шақырымы магистральдік және 158 шақырымы ішкі кварталдық. Өткен жылдың басында жылу желілерінің тозуы 69,2 пайызды құраған. Осы жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында М-1, М-3 магистральдік 8 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға берілген. Сараптаманың қорытындысы ағымдағы жылдың мамыр айында алынып, әрі қарай республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімге ұсынылмақ. Аталған жобаны бастау үшін бірлесіп қаржыландыру облыстық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар осы жылы қалалық бюджет есебінен жалпы 25 шақырым ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту мақсатында 9 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Жобалар келесі жылы іске асырылады. Аталған жұмыстар жүйелі жүзеге асар болса, жылу желілерінің тозу деңгейі биыл 67,5, келесі жылы 61,7 пайызға төмендейді. Жылыту маусымына дайындалу барысындағы ең маңызды жұмыстың бірі – магистральді және ішкі кварталды жылу жүйелерін қысыммен тексеру және шыққан ақауларды жөндеу. Мұны іске асыру ұшін толық 30 күнтізбелік күн қажет. Бұл жазғы-күзгі кезеңде анықталған жылу желісінің ақауы бар учаскелерінде жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Сынақ кезінде жүзден астам ақау анықталса да оларды жаз мезгілінде уақытылы жойып, жылу желілерінің жағдайына толық көз жеткізуге септігін тигізеді. Ал бұл өз кезегінде қысқы кезеңде үйлерімізді, мектепті, балабақша мен аурухананы үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге кепіл болады. Әуелі 10-12 күн аралығында аудандық жылу жүйелерінің пайдалану учаскелері арқылы жылу трассасын босатып, тұрғын үйлердің элеваторлық тораптарында жұмысқа жарамсыз ысырмалардың көп болуына байланысты ішкі жүйені трассадан келетін артық қысыммен басып қалудың алдын алу және кепілдік қорғау үшін металл тығындар орнатылады. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлердің 95 пайыздан астамында сервистік компаниялардың үй ішіндегі жабдыққа тұрақты техникалық қызмет көрсетуінің болмауынан металл штепсельдерді орнату қажеттілігі туындап отыр. Осы тұтынушылардың кірістеріндегі бекіту арматурасының сенімділігі мен тығыздығы өте төмен. Сондай-ақ заңды тұлғалардың пайдалану жауапкершілігінің шекараларында штепсельдерді орнату қажет. Сондай-ақ 12-14 күн ішінде – М-1, М-2, М-3, М-4, М-5, М-6, М-7, М-8, М-9, М-10 магистральдік және кварталішілік желілерін гидравликалық сынау жүргізіледі. Олардың ұзындығы Тараз қаласындағы желілердің жалпы ұзындығының 90 пайызын құрайды. Сынақ барысында анықталған магистральдік желілердегі ақаулы учаскелер жедел оқшауланып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталады. Ал кварталішілік желілердегі ақаулар көппәтерлі тұрғын үйлердің және әлеуметтік маңызы бар тұтынушылардың саны ең көп тармақтарға басымдық бере отырып, кестеге сәйкес жойылады. Сервистік компаниялардың, МИБ-тердің және қарапайым серіктестіктердің 95 пайыздан астамы көппәтерлі тұрғын үйлердегі үйішілік жабдықтарға тұрақты техникалық қызмет көрсетпеуіне, тұрғын үйлердің, пәтерлердің жылыту жүйелерін (жалпы үлестік меншікті) иелерінің тиісінше ұстамай жатады. Айталық, 2022-2023 жылғы жылыту маусымының өзінде үйішілік жылыту жүйелерінің 156 ақауы тіркелген. Ал бұл қосылу кезеңінде және одан әрі пайдалану барысында жылумен қамтамасыз етуді шектейді. Сонымен қатар жылыту маусымы кезінде «ТТЭ» МКК диспетчерлік қызметіне 1 427 өтініш келіп түскен. Тексеру барысында көбінесе 20-25 жылдан астам уақыт ауыспаған құбырлар мен радиаторлардың бітелуіне байланысты жекелеген жылыту көтергіштер мен аспаптардың толық қызбауы анықталады. Оларды ауыстыру немесе тазалау қажет екенін көпшілігі ескермейді. Мұндағы тағы бір мәселе – ішкі пәтерлі жылу жүйесін өзгерту. Яғни көптеген пәтер иелері лоджияға радиатор немесе жылу еденін орнатып жатады. Жылу желісінің өзгеруіне байланысты бұл бүкіл үйдің жылу желісінің айналымына әсер етеді. Бұған қоса ішкі үйдің жылу желілерінде ауа қысымы қалып кететін жағдайлар да аз емес. Бұл бойынша жоғары қабатта тұратын тұрғындар жылу желісінен ауа шығару қажет. Ол үшін әр радиаторда ауа шығаратын кран болуы керек. Сол себепті, жоғарыда айтқанымыздай, көпқабатты үйлердің тұрғындары жылыту маусымына дайындық жұмыстарына жауапкершілікпен қарағаны жөн. Тағы да қоса кетерілігі, жаз мезгілінде жылу жүйелерін гидро-престеу және жуу, элеватор тораптарындағы, үй ішіндегі ысырмаларды, тұрақты және реттелетін жүйенің клапандарын тексеру қажет. Алдағы жылыту маусымына үйдің дайындық паспортын да алған жөн.

Нұрбол ҚАЛДЫБАЕВ, Тараз қаласы әкімінің орынбасары

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар