"6 сәуірде сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін бір айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 сәуірге дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген сот хабарламасында.Айта кетейік, Жұмагелдиев ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді. ҚР ІІМ-нің алдын ала деректері бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған.
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Келесі мақала
Инвестициялық штаб отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Instagram-ның ресми парақшасы қазақстандық саяхатшының видеосын жариялады
- авторAR-AY
- 4 қараша, 2025




