Әлемде
Владимир Путин Қазақстанда қамауға алына ма? СІМ өкілі жауап берді
- author AR-AY
- 5 сәуір, 2023
- 347
Владимир Путин Қазақстанда қамауға алына ма? СІМ өкілі жауап берді
Халықаралық қылмыстық сот Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің жауабына сәйкес, Владимир Путин Қазақстанға келесі сапары кезінде қамауға алынбайды.
"Біз Рим статутына қол қойған жоқпыз және ратификациялаған жоқпыз. Жарғы Қазақстанға қатысты емес және ол бойынша міндетіміз жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.Халықаралық қылмыстық соттың Путинді қамауға алуға ордер бергені 17 наурызда белгілі болды.
Келесі мақала