Әлеумет
Қазақстанда енді жалақының 15 пайызы зейнетақы қорына аударылады – Еңбек министрлігі
- author AR-AY
- 3 сәуір, 2023
- 136
Қазақстанда енді жалақының 15 пайызы зейнетақы қорына аударылады – Еңбек министрлігі
2024 жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысының 15%-ы зейнетақы қорына аударыла бастайды. Бұл туралы Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.
Жаңа Әлеуметтік кодекс Сенатта қабылданып, Президентке жолданды. Бұл құжат бойынша 2024 жылдан бастап жұмыскердің ай сайын зейнетақы қорына аударылатын 10 пайыздық төлемінен бөлек, жұмыс беруші жалақының 5 пайызына тең соманы жұмыскердің зейнетақы қорына аудара бастайды. Бұл жұмыскерлердің зейнетке шыққан кездегі зейнетақысын көбейту мақсатында жасалып отыр, – дейді Сәкен Ділдахмет.Министрлік өкілінің мәліметінше, жұмыс берушінің 5 пайыздық қосымша аударымы жұмыскерлердің жалақысына әсер етпейді.