Жаңалықтар
Кореяда ұсталған екінші қазақстандық 15 жылға сотталуы мүмкін
- author AR-AY
- 31 наурыз, 2023
- 253
Кореяда ұсталған екінші қазақстандық 15 жылға сотталуы мүмкін
Оңтүстік Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстанның екі азаматы қамауда отыр, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды. Korea Komek мәліметінше, қазақстандықтар Түркістан облысында туған.
2002 және 2005 жылы туған екі жігіт 25 наурызда Өзбекстаннан Korea Air әуекомпаниясының ұшағымен Кореяға келген. Құжаттарының дұрыс болмауына байланысты кеден қызметкері оларды елге кіргізбей, депортацияны күту залына жіберген. Олар депортация рейсін күту кезінде, 26 наурызда таңғы сағат 4:20 шамасында әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы үш метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен, – делінген хабарламада.Екеуі де кінәларын мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыптады. Қазір екі азамат қамауда отыр. Қордың қолдауымен бір қазақстандық жақында елге қайтарылады. Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып, ақыры ұсталған екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді. Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматы 15 жылға сотталуы мүмкін, бірақ оның өз еркімен берілуі жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі.
Келесі мақала