Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАЙРАТТЫ ЕР ҚҰРМЕТСІЗ ҚАЛМАСА...

ҚАЙРАТТЫ ЕР ҚҰРМЕТСІЗ ҚАЛМАСА...
ашық дереккөз
ҚАЙРАТТЫ ЕР ҚҰРМЕТСІЗ ҚАЛМАСА...
Өткен жылдың желтоқсан айының аязды күндерінің бірінде Тараз қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қайрат Тұрлыбаев мұз астына құлап кеткен екі баланы құтқарып қалған болатын. Учаскелік полиция инспекторы Саңырақ батыр көшесінің бойындағы каналдың жанынан өтiп бара жатқанда көлігiнiң ашық терезесiнен балалардың көмек сұрап айқайлаған дауыстарын естиді. Еш ойланбастан көлікті тоқтатып, каналға қарай жүгірген Қайрат кеудесіне дейiн суық суға батып, мұздың шетінен ұстап, айғайлап, көмекке шақырып жатқан 9-10 жастағы екі ұл баланы көреді. Полиция қызметкері тез арада мұзды суға секіріп, балаларды бірінен соң бірін судан шығарып алады. Мекенжайларын сұрап, отбасына аман-есен табыстайды. Оқыс жағдайдан аман алып қалған полиция қызметкерiне ата-анасы құтқарғаны үшін алғыстарын айтып қала береді. Полиция лейтенанты Қайрат Тұрлыбаев болған жағдайды ешкімге айтпастан қызметін жалғастыра берген. Ал ажал аузынан аман қалған қос баланың ата-аналары аталған полиция қызметкеріне ел алдында алғыс бiлдiрiп, марапатқа ұсынылғаны жөн деп санайды. Осы мақсатта Қайрат қызмет ететін полиция бөліміне қоңырау шалып, орын алған тосын жай туралы баяндап, Қайрат Тұрлыбаевты ерлігі мен батырлығы және қызметіне деген адалдығы үшін марапаттау қажет екендігін жеткізді.

Аяулым Жаманқара

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар