Білім
Балаларды 1-сыныпқа беру туралы өтінішті қабылдау мерзімі жарияланды
- author AR-AY
- 30 наурыз, 2023
- 689
Балаларды 1-сыныпқа беру туралы өтінішті қабылдау мерзімі жарияланды
Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.
«Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады», –дейді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.
Келесі мақала
Бақ дарыған Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Жоғары оқу орындарының студенттері әскери білікті маман атана алады
- авторAR-AY
- 20 қыркүйек, 2024