Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлем чемпионы әлеуетпен жүздесті

Әлем чемпионы әлеуетпен жүздесті
ашық дереккөз
Әлем чемпионы әлеуетпен жүздесті

Әлем чемпионы әлеуметпен жүздесті Шаһарымыздың  «MART» сауда-ойын-сауық орталығында  кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы тараздық Фируза Шарипованың Малави чемпионы Рут Чиселге қарсы кәсіпқой бокс кешіне қатысты баспасөз конференциясы өтті. Кездесуге әлем чемпионымен бірге менеджері Сергей Завилейский мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов қатысты. Конференцияда боксшы өзін қолдап келген  жанкүйерлерге алғыс айта келе, еркін форматтағы бас қосуда қолдаушыларды белсенді болуға шақырды. Өз кезегінде спорт сүйер қауым да жылы ықыластарын білдіріп,  спортшыға өз  сұрақтарын қойды. Ф. Шарипова  алдағы кездесудің маңыздылығы туралы айта келіп, жекпе-жектің Тараз қаласында өтіп жатқандығына баса назар аударды. —Алдағы жекпе-жектің мен үшін ғана емес, ел үшін де маңызы зор деп айта аламыз. Себебі, бұл титулды жекпе-жек, мұнда белбеу сарапқа салынатындығын айта кеткен жөн. Сонымен қатар бұл додада мен ғана емес, тағы басқа да боксшылар өнер көрсетеді. Боксшылар бас қосуының туған жерім Тараз қаласында өтетіндігінде де үлкен мән бар. Осы бастама арқылы біз облысымыздың талай былғары қолғап шеберлерін дайындап шыққан шеберхана екендігін әлемге көрсеткіміз келеді,-деді әлем чемпионы. Жерлесіміз мұнан өзге де сұрақтарды жауапсыз қалдырмады. Өзінің спорт мансабы, алдағы жоспарлары мен  жаттығулары туралы айтқан спортшы өзінің қарсыласы туралы қойылған сауалға да ұтымды жауап берді. —Қарысыласым көп жүлдеге ие болған спортшы. Физикалық дайындығы да жақсы деп айтсақ болады. Дегенмен біздің де құралақан емес екенімізді ескерген жөн. Бұл тұрғыдан келгенде қарсыласым туралы көп айта бергім келмейді. Керісінше, олар біз туралы айтсын,-деп қысқа қайырды. Жиын соңында облыстық дене шынықтыру дәне спорт басқармасының басшысы А. Ташметов пен боксшы менеджері С. Завилейский арасында алдағы жекпе-жек туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар әлем чемпионы жанкүйерлермен естелікке суретке түсіп, қолтаңба берді. Еске сала кетсек, WBU және IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы  Фируза Шарипова мен  Малави чемпионы Рут Чиселге қарсы кәсіпқой бокс кеші 20 мамыр күні    Ж.Үшкемпіров атындағы Тараз-Арена спорт кешенінде өтеді. Аталмыш бокс кешінде WBC Silver титулы сарапқа салынатын болады. Нұрболат Аманбек

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар