«Жастықтың жалынды жырлары»
Бүгін Дүниежүзілік поэзия күнін. Осыған орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастықтың жалынды жырлары» атты поэзия кеші өтті. Кештің мақсаты – қазақтың поэзия әлеміндегі майталмандарының шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау. Іс-шара Ж.Жабаев атындағы №5 гимназия оқушыларының «Қамажай» биімен ашылса, Абай атындағы Дарын мектеп-гимназиясының оқушылары ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыды.
Поэзия кешінде ақиық ақын – Мұқағалидың туындылары жайында бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкері Нұргүл Сағатбекова ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап, поэзия падишасы – Фариза туралы көрініс сомдалды. Сонымен қатар облыстық жасөспірімдерді тәрбиелеу орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды.
Жыр кешінде Облыстық жасөспірімдер орталығының тәрбиленушісі Жансая Байтұрсынова «Алғыс» әнімен көпшілікті тәнті етті. Ал, № 32 орта мектептің оқушылары көрермен ретінде қатысты.
Кеш соңында «Мұзбалақ ақын», «Поэзия падишасы» тақырыбында көрме жасақталып, атсалысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
Келесі мақала