«Асарлатып үй салу» жобасы арқылы 338 отбасы баспаналы болған
Жамбыл облысында Байзақ ауданының тұрғындары асар дәстүрін жаңғыртып, мұқтаж отбасыларға тегін баспана салып берген. Аймақта «Асарлатып үй салу» жобасы 4 жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде 338 отбасы баспаналы болған. Былтыр тағы әлеуметтік аз қамтылған 105 отбасы қоныс тойын тойлаған.