Еңбек адамының мүддесі ескерусіз қалмайды
Еліміздегі кәсіподақ қозғалысының тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алатынын біреу білсе, біреу білмейді. Қазіргі Қарағанды облысының аумағында 1905 жылы 6 желтоқсанда құрылған Өспен мыс кеніші жұмыскерлерінің одағы ресми түрде елдегі алғашқы кәсіподақ ұйымы болып саналады.