Адамзаттың келешегі үшін
Біздің Жамбыл жасыл өңір саналады. Дегенмен Таразды ара-тұра қалың түтін басатынын білетін шығарсыздар. Иә, оның бәрі қала маңындағы өндірістің кесірі.
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...
Біздің Жамбыл жасыл өңір саналады. Дегенмен Таразды ара-тұра қалың түтін басатынын білетін шығарсыздар. Иә, оның бәрі қала маңындағы өндірістің кесірі.
Президентіміз Қ.К.Тоқаев биылғы Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру, энергия тапшылығы мәселесіне тоқталып, 6 қазанда атом электр станциясын салуға байланысты жалпыхалықтық референдум өтетіндігін айтты.
АЭС құрылысы елімізге экологиялық таза энергия көздеріне көшуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектеседі.
Қазақстанда атом электр станцияларының құрылысы-бұл еліміздің болашағына салынған инвестиция.
Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін барлық қажетті ресурстарға ие және бұл бізге бірегей артықшылық береді.
Қазақстан атом энергетикасын дамыта отырып, болашаққа сенімді қадам жасайды.
Неліктен Қазақстанға атом электр станциялары қажет? Бұл ең сенімді және тұрақты энергия көздерінің бірі.
Энергия тапшылығының қандай боларын көршілес Өзбекстанға қарап-ақ байыптасақ болады. Қазір бұл ел өзіне керек энергияның 80-90 пайызын газдан алады.
Қазақстанға Атом станциялары не үшін қажет? Біріншіден, олар энергия тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Атом электр станциялары халықтың қажеттіліктері үшін де, өнеркәсіп үшін де жеткілікті болатын орасан зор энергия өндіреді.
Жалпы АЭС-тің артықшылықтары мен маңыздылығы туралы сөз қозғағанда мен мына бір жағдайларды басым айтқым келеді.