Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көмегі көп көшпелі кеңес

Көмегі көп көшпелі кеңес
ашық дереккөз
Көмегі көп көшпелі кеңес
Кеше Тараз қаласындағы «SMALL-SKIF» сауда орталығында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Jastarga-kenes» жобасы аясында көшпелі кеңес беру алаңы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі және халықты жұмыспен қамту орталығының, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының өкілдері қатысып, өз салалары бойынша жастар мен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Айта кету керек, облыстық жастар ресурстық орталығы мен жергілікті жерлердегі жастар ресурстық орталықтары жастарды ақпараттандыру және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Jastarga-kenes» жобасы аясында онлайн және офлайн негізде халық көп шоғырланған жерлерде, атап айтсақ, «Ауыл-Береке» базарында, «Дәмді себет» дүкендерінде жүйелі түрде кеңес беріп, бірқатар жұмыстар жүргізіп келеді. Кеңесте тұрғындарға мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмысқа орналасу бағытында және «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Дипломмен  ауылға!», «Ақылы қоғамдық жұмыс орны» сияқты бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы түсіндірілді. Сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз грант және 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру турасында, бұдан бөлек «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламалары мен салық мәселелері бойынша кең ауқымды ақпарат берілді. Бұған дейін «Jastarga-кеnes» жобасы аясында мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіретін 900-ден аса ақпараттық кеңес беру алаңдары ұйымдастырылған. Оған жалпы 30 мыңнан аса жас қатысып, кеңес алса, оның ішінде уақытша бос жүрген, NEET санатындағы – 8600, пробация тізімінде тұрған 900 жас қамтылған екен.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар