Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП

АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП
ашық дереккөз
АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының базасынан алғаш рет мәліметтер базасын біріктіретін ахуалдық орталық ашылды. Басқарма басшысы Жанар Оспанованың тапсырмасымен ашылған орталық емхана және стационарлық медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсартуға ықпал етеді. Орталықтың артықшылығы – облыстағы барлық емдеу мекемелерін арнайы тіркеу базасы біріктірілген ашық ақпараттық жүйеде бақылауға болады. Яғни басқарма енді облыстағы барлық емдеу орындарындағы бос төсек-орындарын, дәрігердің қабылдауын, кезекте тұрғандар тізімін, есепке алынған немесе алынбаған жүкті әйелдер, онкологиялық және туберкулез ауруымен тіркелгендер санын, дәрігерді үйге шақырту бойынша мәліметтер есебін, активтердің орындалуын, пациенттер мен емхана арасындағы кері байланысты, белгіленген көрсеткіш индикаторларының орындалу деңгейін, тіпті еңбекке жарамсыздық парағының электрондық нұсқасының берілуін де бақылай алатын болады. Басқарма басшысы Жанар Мықтыбекқызының айтуынша, аталмыш орталық демеушілердің көмегімен ашылған. – Бұл жердегі жүйенің барлығы электрондық форматта құрылған. Әрбір пациентке арналған бағыттары жеке-жеке құрылып, зерделеніп жасалды. Ол жерде электронды денсаулық сақтау жүйесінің барлық бағдарламалары енгізілді. Және осы ахуалдық орталық арқылы шалғайда жатқан елді мекендердегі пациенттердің медицинадағы тағдырын бақылап, қадағалап отыруға болады. Мысалы, облыстың орталығынан 300 шақырым алыста тұратын тұрғынның қай күні емханаға қаралғаны, егер жүрек-қантамыр жүйесі сырқаты, туберкулез сияқты өміріне қауіпті ауру анықталатын болса, сол жерде диспансерлік есепке алынған-алынбағаны, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне дейін бақыланып отырады. Егер науқасқа жағдай жасалмаған жағдайда оның шешілу жолдарын қарастыру мүмкіндігі бар. Яғни кез келген адамның денсаулық сапасын арттыруға, жасын ұлғайтуға себебін тигізеді деп ойлаймыз. Екіншіден, біздің медициналық қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіншілік берілуде. Себебі осы электрондық жүйеге бүгін құжаты ашылып, құжатына сәйкес толық ем-шаралар тағайындалған жағдайда ол дәрігердің жұмысы тиімсіз немесе орындалмаған болып есептеледі. Соған сәйкес денсаулық сақтау басқармасынан арнайы бөлім ашылды. Сол бөлімге арнайы мамандар апта сайын әрбір медициналық мекеменің жұмысын зерделеп отырады. Егер кемшіліктер анықталып жатса, сол мекемеге дер кезінде ескерту беріледі, – деді Жанар Оспанова.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар