EGov Mobile қосымшасына кіру биометрия арқылы қолжетімді
EGov Mobile мобильді қосымшасына бір жолмен – биометрия арқылы кіруге болады. Жаңартулар азаматтарға қосымшаның көбірек функционалын пайдалануға мүмкіндік береді және қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.
Енді eGov mobile қосымшасында авторизациядан өту оңайырақ болды. Ол үшін Digital ID бейне идентификациясынан өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу керек. Айта кету керек, бұрын қосымшаға кіру қысқа SMS коды немесе ЭЦҚ кілттері арқылы жүзеге асырылды. Енді кіру тек биометрия арқылы жүзеге асырылатын болады.
EGov Mobile қомысшасында биометрияны пайдалану мынадай мүмкіндіктер береді:
- Қосымша функционалды мүмкіндіктер, оның ішінде Face ID, саусақ ізі немесе қысқа код арқылы қосымшаға кейіннен кіру (смартфонға және ондағы параметрлерге байланысты);
- Push-хабарламаларды алу мүмкіндігі;
- E-otinish платформасы арқылы сұраныстарды жіберу және т.б.;
- Мемлекеттік қызмет көрсету тарихында, егер процесті аяқтауға уақыт болмаса, қызметті алуды жалғастыру мүмкін болады;
- Жеке деректерді неғұрлым сенімді қорғау.
- ішкі рейстерге арналған елдің әуежайларында;
- теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу және «ҚТЖ» АҚ билеттерін сатып алу кезінде;
- «Отбасы банк» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ филиалдарында;
- Beeline ұялы байланыс операторының бөлімшелерінде;
- Екінші деңгейлі банктерде (Kaspi.kz, Halyk Bank қызметтерін алу кезінде);
- «Freedom finance» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ кеңселерінде;
- «Қазпошта» АҚ пошталық сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту, кассалық операцияларды қолдану кезінде;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (көші-қон қызметін қоспағанда) мемлекеттік қызметтерді алу кезінде;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы
бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша
Байзақ аудандық бөлімі