Жаңалықтар
Тоқаев: Ең басты міндетіміз – мемлекеттілігімізді сақтап қалу
- author AR-AY
- 3 ақпан, 2023
- 198
Тоқаев: Ең басты міндетіміз – мемлекеттілігімізді сақтап қалу
Ең басты міндетіміз – мемлекеттілігімізді сақтап қалу. Бұл туралы бүгін Таразда жазушы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен кейін зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесу кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент еліміз дамып, өркендеуі үшін алдағы саяси науқандар кезінде де, ең алдымен, ауызбіршілік қажет екеніне назар аударды.
«Ең басты мәселе – әділ, ашық болу керек. Осындай лайықты адамдар біздің Парламентке келсе, еліміздің дамуына үлес қосады деп үміттенемін. Дүниежүзінде болып жатқан жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Ішкі саясат та, сыртқы саясат та сындарлы, салмақты болуы керек. Ең басты міндетіміз – мемлекеттілігімізді сақтап қалу. Сын-қатерлер аз емес. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық, бір ұлт болып ұйысып, ел үшін қызмет етейік», – деді Қ.Тоқаев.