Алтай Көлгінов: LRT үшін жауап бермеймін
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов енді Астанадағы LRT жобасына жауап бермейтінін айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
LRT менің құзыретімдегі шаруа емес. Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бұл – әкімдіктің мәселесі. Мен әкімдікте жұмыс істегенде оған қатысты бірнеше рет пікір білдірдім. 2022 жылдың қорытындысы бойынша біз өлі нүктеден қозғалдық. 50 млрд теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Әкімдік жұмысты жалғастырып жатыр, - деді Алтай Көлгінов Үкімет кулуарында журналистерге берген жауабында.Алтай Көлгіновтың айтуынша, бүгінде жобаға қаржы бөлінген, жұмыс жалғасып жатыр.
Ең бастысы, қаражат бөлінді, - деп түйді ол.