Жаңалықтар
Астанада қымбат көлік тізгіндеген кішкентай бала көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)
- author AR-AY
- 31 қаңтар, 2023
- 373

Астанада қымбат көлік тізгіндеген кішкентай бала көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)
Астанада джип тізгіндеген кішкентай бала аварияға түсіп қала жаздады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Exeed рөліндегі баланың көлікті бірнеше мәрте айдап жүргенін байқауға болады.
Видеоны түсірген адамның сөзінше, ол алдында келе жатқан Renault көлігіне соғыла жаздаған.⠀
Елордалық полицейлер жол ережесін бұзған Exeed маркалы көліктің иесін тауып, оған Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің екі бабы бойынша 207 000 теңге айыппұл салды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті тоқтатылды
- авторAR-AY
- 20 шілде, 2025