«АНАМ – ҚЫЗМЕТТІ ЕМЕС, ОТБАСЫН БІРІНШІ ОРЫНҒА ҚОЙҒАН ЖАН»
Айгүл АҚШАЛОВА, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:
– Менің анам Зейнеш Жамалбекқызы Алматы облысында туып-өск ен. Мектепті де сонда оқып, тәмамдаған. Техникумды бітіріп, Қаратау қаласына практикаға келгенде әкеммен танысады. Екеуінің жарасып кетуіне әкемнің үлкен әпкесі себеп болған екен. Алматылық қызға оңтүстік өңірдің салт-дәстүрі, тұрмысы алғашында оңай түспепті. Сонымен қатар енесі анамды қатал ұстапты. Жас әрі Алматының ерке болып өскен қызы «жалғыз балама тірек бола ма, қадіріне жете ме, тірлігін алып кете ала ма?» деп қорықса керек, қатал ұстап, тірлікке әбден пісірген сияқты. Апам марқұм ене ретінде суық болғанымен, апа ретінде өте мейірімді кісі еді. Апамның еркелеткені соншалық, үйде маған ешнәрсе істетпейтін. Анам жұмсаса болды, апам: «Тұрмысқа шыққан соң өзі-ақ істейді. Әзірге қызым еркелеп жүре тұрсын», деп ұрсып тастайтын. Сондықтан үйде апам мен әкемнің қызы едім. Апам соғыстан кейін жастайынан 4 баламен жесір қалған. Ешқандай білімі жоқ. Тіпті қол қоя да алмайтын. Дегенмен перзенттерін өсіріп, оқытып-шоқытты. Біз үйде үш перзент болдық. Менен кейінгі сіңлім 19 жасында қайтыс болды. Ал кенже інім екеуміздің арамыздағы жас ерекшелік біршама. Сондықтан ініме алғашқы мұғалім болғаным есімде. Кейін өсе келе үй шаруасына өзім-ақ қолғабыс ете бастадым. Себебі інім әлі кішкентай әрі ерке болды. Әкемнің іссапардан қолы босай бермейтін. Кейде аулаға жүк көлігімен көмір төккізіп, ары қарай жұмысына асығып кететін. Көмектесетін ағаларым да жоқ. Күн суытып кетсе тағы болмайды. Содан көмірді белім қайысып жүріп сарайға тасып тастайтынмын. Өздеріңіз білесіздер, пешке көмір салған соң бірден тұтанып кетпейді. Апам маған көмірді тұтатуды үйретіп жатып: «Көмірді бір жаққаннан тұтатып үйрен, отты қалай жағасың, үйді сол отпен қалай жылытасың, отбасыңа беретін жылулығың да сондай. Жаққан отыңа қарап, болашақта қандай әйел болатыныңды көруге болады», деуші еді. Сол сөзі маған өмір бойы сабақ болды. От жаққан кезде бірден тұтанып кететін еді. Мені көбісі ер мінезді деп жатады. Бірақ мен апам мен анамды үлгі тұтып, нағыз әйел осындай болу керек деп есептеймін. Олар секілді идеал емес екенімді мойындаймын. Олардың мінездері бөлек болғанымен, отбасы құндылығына деген көзқарастары бірдей еді. Анам да отбасының берекесін сақтай білген жан. Әкемнің артында берік қамал бола білді. Әкем теміржол сал асынд а басшыл ық қызметтерді атқарып, үйден гөрі түзде көп жүрді. Анамыз әкеміздің жоқтығын білдірмей, үйдің берекесін келтіріп, бізді өсіріп, тәрбиеледі. Жұмыс та істеді. Анамның басшыл ық қызметтерге де әлеуеті жететін. Өзіндік көзқарасы, мінезі бар. Бірақ «Үйде ер адамның басшы болғаны дұрыс, менің ошағым бар, бір үйге бір басшы да жетеді» деген қағиданы ұстанып, қатардағы жұмысын қанағат тұтты. Анам сол әрекетімен маған үлгі болды. Әйел адам қандай жерде қызмет етпесін, басшы болмасын, үй тірлігіне өзі араласпай болмайды. Мен кезінде депутат, басшы да болдым, бизнеспен де айналыстым. Бірақ отбасымды, үй шаруасын екінші орынға қойған емеспін. Үй тірлігі, ас әзірлеуге әрқашан уақыт табамын. Жас қыздар, кәсіпкер қыз-келіншектер барлығына қалай үлгеретінімді жиі сұрайды. Әйел адамның миында ең бірінші отбасы, ошақ қасы тұрса, барлығы өз ретімен келе береді. Ондай отбасында тыныштық, келісім, ынтымақ болады. Ынтымағы бар үйде береке орнайды. Берекелі шаңырақта өскен бала-шаға да көп ой түйеді деп ойлаймын. Осы тәлім-тәрбиені миыма құйып, бойымда қалыптастырған анам десем, қателеспеймін. Менің анам тамақты да өте дәмді әзірлейді. Сондықтан асты дәмді етіп дайындауым анама тартқан. Біраз жыл ресторатор болдым. Кезінде 14 жыл жеке мейрамханамызды жүргіздік. Асты шағын ғана дайындап, әдемілеп ұсынған ұнайды. Әйел болған соң әдемілік пен талғаммен жасалған дүниені жақсы көреміз ғой. Жолдасым да жасаған тағамымды ұнатады, мақтап отырады. Анамның пісірген сорпасының жөні бөлек. Әлі күнге сағынып барып ішіп қайтамын. Бір қызығы, анамның пісіретін сорпасын дәл солай қазір келіні дайындайды. Анам қазір 75 жаста. Сүйкімді, мейірімді апа. Үйде бір минут дамыл тауып отырмайды. Жас кезінен қалған әдеті ол. Үй ауласында шағын бақшасы бар. Өз қолымен гүл отырғызып, баптағанды жаны сүйеді. Сыйлыққа берілген гүлдердің бірен-саранын ғана өзіме алып қалып, барлығын анама апарып беремін. Себебі анам гүлді жақсы күтеді. Анамның бақшасында лимон да, ананас та, мандарин де бар. Кезінде мейрамханамыздың ауласына отырғызу үшін шетелден «Агава» деген өсімдікті алдырғанбыз. Ол алып болып өседі екен. Сол өсімдіктен анама бергендерім жайқалып өсіп тұр, ал өзімізге қалдырғандарымыз с ол кезде-ақ солып қалды. Одан бөлек анамның пальмалары мен орхидеялары да жайнап, жайқалып тұр. Адамның қандай екенін бала мен өсімдік біледі деген рас екен. Оны анамның өз қолымен өсірген өсімдіктерінен байқауға болады. Ол кісі ерекше махаббатпен баптап, сырласады. Әкеміздің қайтқанына бір жылға жуықтап қалды. Анамызға өмірлік жарынан айырылу оңай болмады. Сол үшін бәріміз анамыздың көңілін аулауға тырысамыз. Екі немересі мен шөбересі Астана қаласында тұрады. Анам оларға жиі барып, мауқын басып қайтады. Әкемізден кейін екі құдасы да қайтыс болды. Шай деспей, сыйласып келген құдаларының бірінен соң бірінің бақилық болуы да анамды қынжылтқаны рас. Уақыт бәріне емші ғой. Анам сол ауыр қазалардан соң есін енді жиып келеді. Анам өнерді жақсы көреді. Балет, театрға жиі барады. Өзі жас кезінде биге қатысқан. Бір кісідей ән де айтатын. Бірақ сахнаға шықпады. Былайша айтсақ, тек өзі үшін хобби болды. Кейде айналама қатал бол ып к етк енд е немесе жұмысқа белсене араласып, қауырт болып кеткен кезде «Неге мұндай болып кеттім, орнымда анам болғанда олай етпейтін еді, ашуланбайтын еді, мұндай сөз айтпайтын еді» деп өз-өзімді бірден сабырға шақырамын. Анам мені ойымда да солай тәрбиелейді. Анам мені «Айгөлек» деп еркелетеді. Анашыммен жиі сырласамын. Көбіне қозғайтын тақырыбы – немерелері. Өзінің балаларын аяқтандырып, қызын қияға, ұлын ұяға қондырды. Ендігі кезек – немерелерінікі. Қай немересі үйленбеді, оқуы не бол ып жатыр, кімд е қандай мәселе бар. Соның барлығын уайымдап отырады. Менің жұмысыма көп басын қатырмайды, түсінбейді де. Бірақ қолдауын білдіріп, ақылын айтудан жалыққан емес. «Қанша жерден басшы болғаныңмен үйде қарапайым, еріңе бағынатын әйел бол», деп құлағыма құйып отырады. Ж алпы мен әк еме тартқанмын. Бірақ жасым к еле анама ұқсап бара жатқандаймын. Себебі анам өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Қимылы да ширақ. Қазір жасым елуде. Бірақ маған жас көрінесіз деп жатады. Сол жағынан анама келетін сияқтымын. Анам боянбайды, ешқашан шалбар кимейді. Үнемі көйлек, белдемшелермен жүреді. «Тойға, іскерлік кездесулерге шалбармен барма, алды жабық, башпайларыңды жасыратын аяқкиім ки», деп маған да айтып отырады. Мен солай жүруге тырысамын. Бұл да тәрбие. Анам барлық нәрседен рақат алуға тырысады. Кішкентай нәрсеге қуана білетін жан. Бір дана гүл сыйласаң да, дәмділеп тамақ істеп берсең де, медаль алсам да бірдей қуанады. Адамдарға деген көзқарасы да сондай. Ешкімді бөлмейді, ешкімді алаламайды. Барлық адамға бірдей қарап, бірдей қарым-қатынас орнатады. Адамгершілігі сондай жоғары. Осы кезге дейін анамды қатты ренжіткен кезім есімде жоқ. Бірақ анама соңғы кезде уақытты аз бөліп жүргенім қынжылтады. Аптасына 2-3 рет соғып, хал-жағдайын біліп тұруға тырысамын. Соның өзі аз көрінеді маған. Дегенмен тұрмыстағы әйел болғандықтан төркініме қайта-қайта бара беру де дұрыс емес шығар. Жұбайым екеуміз шаңырақ көтермей тұрғанд а ата-енем бақилық болып кеткен. Күйеуімнің бауырларынан, бала-шағамнан ұят болмасын деп тепе-теңдік ұстауға тырысамын. Кейде өмір болған соң түсініспеушілік болып қалады. Әке-шешеме ренжіп бұртиып қалсам, жұбайым бірден сабырға шақырып: «Айгүл, үлкен кісілерден бірінші барып кешірім сұра. Әке-шешем тірі болғанда мен ол кісілердің аяқ-қолдарын сүйіп жүретін едім. Сондықтан бағалай біл!», дейді. Анам күйеубаласын да өте жақсы көреді. Олардың сыйластығына сүйсінемін. Араларындағы байланыс өте жылы.