БАЛУАНДАРЫМЫЗ БАБЫНДА
Талдықорғанда 23 жастағы ерк ін к үрес ш еберлері арасында қазақтың даңқты балуаны, халық аралық дәрежедегі спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті. Дәстүрлі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 мен 23 жас аралығындағы балуандар қатысты.
Бозкілем шеберлерінің бәсекесінде Юнус Гафуров (97 келі) өзінің шын мықты екенін дәлелдеп, алтыннан алқа тағынса, Бекзат Жұманалы (86 келі) мен Мұхтар Санжар (65 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан құрама командасы бапкерлерінің айтуынша, осы жарыста жеңімпаз атанған балуандар үстіміздегі жылы өтуге тиіс әлем біріншілігіне (U-23) қатысады.
Айтулы жарыста Нұр-Сұлтан қаласынан келген балуандардың мерейі үстем болды. Олар үш салмақ дәрежесі бойынша өткен сайыстарда топ жарып, өздерінің бабында екендерін байқатты.
Келесі мақала