Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков Өзбекстанға көшеді
Ресейлік театр және кино актері Сергей Безруков С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының Ташкенттегі филиалында сабақ береді деп хабарлады Arainfo.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
«Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков қыркүйек айында БМКИ-дің Ташкент филиалында актерлік шеберхана ашып, актерлік шеберліктен сабақ береді. Ол теориялық сабақтарды онлайн, ал практикалық сабақтарды Ташкентте жеке өткізеді», – деді филиал директоры Эльдор Юлдашев.Сонымен қатар, Юлдашевтің айтуынша, филиалда Білім беру театры да ашылады. Сергей Безруков та осы жобаға қатысады. Жаңа оқу жылынан бастап БМКИ-дің Ташкент филиалында «киносыншы» және «кинотану» білім беру бағыттары пайда болады.
Келесі мақала