Хорватия әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Катардағы футболдан әлем чемпионатында үшінші орын үшін матч өтті. Хорватия құрамасы Марокконы 2:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға қол жеткізді.
Қола үшін ойында Хорватия мен Марокко құрамалары кездесті. Есепті 7-минутта хорватиялықтар ашқанымен арада екі минут өткенде марокколықтар таразы басын теңестіріп кетті.
Бірінші таймның соңында Оршич гол соғып, Хорватияға жеңісті әперді.
Хорватия - Марокко 2:1 (2:1)
ГОЛДАР:
7 мин. Йошко Гвардиол (1:0)
9 мин Ашраф Дари (1:1)
42 мин. Мислав Оршич (2:1)
Осылайша Хорватия құрамасы қатарынан екінші Әлем Чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Төрт жыл бұрын Ресей жерінде Хорватия күміс жүлде жеңген болатын.