Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда цифрлық университет құрылады

Қазақстанда цифрлық университет құрылады
ашық дереккөз
Қазақстанда цифрлық университет құрылады
Ғылым және жоғары білім министрлігі саланы цифрландыру аясында цифрлық университет моделін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатовтың айтуынша, цифрлық университет моделін құрудың негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар арқылы университеттегі негізгі процестер мен басқару процестерін түрлендіру. "Цифрлық университет" моделі білім беру процесіне ең заманауи технологияларды енгізуді, онлайн-платформаларды кеңінен пайдалануды, жекелендірілген білім беру траекториялары мен курстарын, кеңістік пен форматтардың жаңа мүмкіндіктерін енгізуді көздейді. "Цифрлық университет" моделі 4 негізгі бағыттан тұрады: деректерге негізделген басқару жүйелері; сандық білім беру технологиялары; жеке білім беру траекториялары; цифрлық экономиканың құзыреттері. Цифрлық трансформация үшін университеттер білім беру сапасын арттырып, барлық нысандағы студенттерді ынталандыру мақсатында технологияларды пайдалануға міндетті. Білім алушыларға жеке білім беру траекторияларын құру үшін мүмкіндіктер беріп, онлайн-курстарды пайдалана отырып, желілік білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды кеңейту керек. "Цифрлы университет" моделін іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарының бірінің базасында "цифрлық университет" моделі іске асырылады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар