Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МАДИЯР МЫҚТЫЛАРДЫ МОЙЫНДАТТЫ

МАДИЯР МЫҚТЫЛАРДЫ МОЙЫНДАТТЫ
ашық дереккөз
МАДИЯР МЫҚТЫЛАРДЫ МОЙЫНДАТТЫ
Ағымдағы жылдың 10-14 тамыз аралығында Врбас (Сербия) қаласында кадеттер арасында «6th JUNUOR NATIONS CUP» халықаралық турнирі өтті. Жалпы чемпиондық атаққа 18 мемлекеттің жасөспірім былғары қолғап шеберлері таласты. Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында аталған турнирде Шу ауданындағы №37 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Мадияр Бексұлтанов 80 келі салмақта чемпион атанды. Жаттықтырушысы –Бағдат Толыбаев. Жерлесімізді жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да әлемдік ареналарда ел мерейін үстем ете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар