Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАС ТРАКТОРШЫЛАР ЧЕМПИОНАТЫ

ЖАС ТРАКТОРШЫЛАР ЧЕМПИОНАТЫ
ашық дереккөз
ЖАС ТРАКТОРШЫЛАР ЧЕМПИОНАТЫ
Еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарға сұраныс жыл санап артып келеді. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар мен жобалар жүзеге асуда. Одан бөлек те жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту мақсатында өңір-өңірде түрлі бағытта іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.  Мәселен, жуырда облыс әкімдігі білім басқармасының №9 Меркі колледжінің базасында «AgroSkills-2023» тақырыбында жас тракторшылардың республикалық чемпионаты өтті. Еліміздің 8 облысынан келген ауыл шаруашылығы саласына байланысты мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер жер жыртып, шөп шапты. Тракторшылар чемпионатына қатысушылардың ең жасы – 16 жастағы Әзизбек Юлдашев. Түркістан облысынан келген Ә.Юлдашев 10-нан аса техниканың тілін меңгерген. – Жамбыл облысында өткен байқау барысында жер жыртуды, басқа да техникаларды да айдауды үйрендім. Сонымен, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастардың бір-бірімізбен тәжірибе алмасуымызға да үлкен мүмкіндік жасалды. Сол секілді жұмысшы мамандықтарға жастардың қызығушылығын ояту мақсатында осы секілді байқаулар жиі ұйымдастырылып тұрса деймін, – дейді Ә.Юлдашев. Студенттер 5 бағыт бойынша сынға түсті. Алғашқы екі кезең техниканы дұрыс жүргізу болса, қалған 3 кезеңде жер өңдеп, ептіліктерін көрсетті. Тракторшылар техникамен шөп буып, соқамен жер жыртты. Екі күндік шеберлік байқауында Жамбыл облысының атынан қатысқан студент бас жүлдені қанжығалады. Чемпионат аясында колледж шаруа қожалықтардың бірімен келісімшартқа отырды. Енді студенттер тәжірибе жинау үшін дала жұмыстарына атсалысады.

Талғат Нұрханов

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар