Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының жағдайы туралы айтылды

Ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының жағдайы туралы айтылды
ашық дереккөз
Ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының жағдайы туралы айтылды
Boxeoplus басылымы қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте ауыр жеңіліске ұшырағанын, қазір комада жатқанын жазды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Суперорта салмақта WBA World белбеуі үшін 12 раундты айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтті. Моррел алдымен Айдосты есеңгіретті де, 12-раундта ауыр нокаутқа түсірді.
"Қазақстандық боксшы командасы барлығын құпия ұстағанына қарамастан, Boxeoplus.com сайты Ербосынұлының қауіпті бас жарақатын алып, комада жатқанын, ауыр халде екенін білді", - деп жазды басылым.
Танымал инсайдер Дэн Рафаэль медициналық мекеме жағдайға түсініктеме беруден бас тартқанын, бірақ алынған ақпаратпен бөлісетінін мәлімдеді.
"Сенбі @ShowtimeBoxing/@premierboxing шарасына қатысқан Айдос Ербосынұлы Дэвид Моррелден 12-раундта нокаутпен ұтылғаннан кейін ауруханада жатыр. Оның нақты жағдайы белгісіз, бірақ бір дереккөз жағдайы ауыр екенін жазды", - деп жазады журналист.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар