Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлау-2022. Қытайда 3 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Сайлау-2022. Қытайда 3 сайлау учаскесі жұмыс істейді
ашық дереккөз
Сайлау-2022. Қытайда 3 сайлау учаскесі жұмыс істейді

20 қараша күні Қытай аумағында сайлау учаскелері Бейжің және Шанхай қалаларында, сондай-ақ Сянган Арнайы әкімшілік ауданында іске қосылады. Бұл туралы Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев баспасөз жиынында сайлау науқанына қатысты ақпаратты бөлісті. Дипломат атап өткендей, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстан президенті енді тек бір рет 7 жылдық мерзімге сайланатын болады және одан кейін қайта сайлана алмайды.
Жалпы президент сайлауына қатысуды қалаған 12 кандидаттан өтініш түсті. Орталық сайлау комиссиясының іріктеуінің нәтижесінде олардың ішінен 6 кандидат Конституция бойынша қойылатын талаптарға сәйкес деп танылып, сайлауға қатысу құқығына ие болды, - деді ол.
Айта кетейік, Президент сайлауына қатысатын кандидаттарға насихаттау науқаны 19 қарашаға дейін өткізіледі.
Қытай аумағында сайлау учаскелері Бейжің және Шанхай қалаларында, сондай-ақ Сянган Арнайы әкімшілік ауданында болады. Олар таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді, - деп түсіндірді Нұрышев.
Сонымен қатар Қазақстанның Қытайдағы елшісі алдағы сайлау науқанының мәні айрықша екенін айтады.
Алдағы сайлау процесінің мәні ерекше. Оның нәтижесімен Жаңа әділетті Қазақстанды құру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың сәттілігі тікелей байланысты. Қазақстан Президенті атап өткендей әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді, - деп айтты Шахрат Нұрышев.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар