Жаңалықтар
Сайлау: ТМД байқаушылар миссиясы 21 қарашада қорытынды мәлімдеме жасайды
- author AR-AY
- 27 қазан, 2022
- 127
Сайлау: ТМД байқаушылар миссиясы 21 қарашада қорытынды мәлімдеме жасайды
20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына ТМД елдерінен 23 байқаушы аккредитация алды. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті төрағасының – атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Жұмысымыз ашықтыққа, демократиялыққа, бейтараптыққа, Қазақстанның ішкі істеріне араласпауға, халықаралық құқықтың негізгі нормалары мен ұстанымдарын сақтауға негізделген. Біздің байқаушы тәжірибеміз бар.
Байқау шынайы өтетіндігіне сенімім мол. Қорытынды мәлімдеме жасаймыз. Байқаушылар топтарының барлық жетекшілерінің қатысуымен үйлестіру кеңесін құрамыз. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, 21 қарашада қорытынды құжатымызды жария етеміз. Мәлімдемеміз қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді байқаушылардың байқау нәтижелеріне ғана негізделетін болады», - деді Ильхом Нематов Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.
Оның атап өтуінше, еліміздегі сайлауға ТМД елдерінен қатысатын 100-ден астам байқаушының 23-і бүгінде аккредитация алып үлгерген. Миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.
Келесі мақала