Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кандидаттардың үгіт-насихат жүргізуіне қанша ақша бөлінеді?

Кандидаттардың үгіт-насихат жүргізуіне қанша ақша бөлінеді?
ашық дереккөз
Кандидаттардың үгіт-насихат жүргізуіне қанша ақша бөлінеді?
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды штабтары үшін оқыту семинар болып өтті,деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.
Семинарға 20 қараша Қазақстанның Президенттігіне кандидаттардың өкілдері қатысты. Күні кеше 18:00 ден бастап кандидаттардың штабтары өз жұмыстарын бастаған. Отырыс барысында кандидаттардың үгіт-насихат жүргізу үшін мемлекеттен қанша ақша бөлінеді,қандай талаптар бар екені сөз болды. Орталық Сайлау комиссиясының 28 қыркүйекте қабылданған қаулысымен кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары үшін шығыс сайлаулды бағдарламамен БАҚ-да сөж сөйлеу- 9  012 600 теңгені, кездесулер мен аггитациялық материалдар үшін -800 мың теңге, жол жүру шығындары- 500 мың теңгені құрайды. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Сайлау комиссиясының қорындағы ақша 6 бағыт бойынша жұмсалады. 1. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу 2. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары(дебаттар, кездесулер т.б.) 3. Аудио-визуалды үгіт насихат материалдарын таратуға, шығаруға 4. Үгіт-насихат жүргізу барысында заңды және жеке тұлғалық қызметтерге 5. Кандидаттың жол жүру, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына мамандарға еңбек ақы төлеуге; 6. Сайлау компаниясының тегін тарату үшін үгіт-насихат құралдары (значок,футболка т.б.) Сайлау комиссиясының қорынан жұмсалған әрбір ақша үшін кемінде айына екі рет есеп тапсырылады. Кандидаттың, - деді Сабина Мұстафина.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар