Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Рухты оятып, санаға сілкініс әкелді

Рухты оятып, санаға сілкініс әкелді
Автор
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Осы бағытта облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Астана» көпсалалы колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті.

Іс-шараға облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция тобы бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Азат Жанабекұлы, сондай-ақ осы басқарманың ювеналды полиция тобы бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Еркебұлан Талғатұлы қатысып, жастарға мазмұнды ақпараттар ұсынды.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері, олардың алдын алу жолдары, кәмелетке толмағандар мен студенттердің заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, зиянды әдеттерден аулақ болу жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

Басқосу барысында студент жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Ашық диалог форматында өткен кездесу жастардың құқықтық санасын арттырып, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпке бейжай қарамауға, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар