Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда 141 жаңа мектеп ашылып, үш ауысым мәселесі шешілуде

Қазақстанда 141 жаңа мектеп ашылып, үш ауысым мәселесі шешілуде
Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Мелдебекова хабарлады.

Үш ауысымды мектептерді жою: Президент тапсырмасы бойынша жаңа форматтағы 141 оқу орны пайдалануға берілді

Қазақстанда жайлы оқу ортасын құру үшін білім беру инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту жалғасуда.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен апатты және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Келешек мектебі» жобасы жүзеге асырылуда.

«Мемлекет басшысының бастамасымен "Келешек мектептері" ұлттық жобасы табысты жүзеге асырылды. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 460,4 мың орындық 217 жаңа форматты мектеп салынуда. Бұл жоба арқылы 69 үшауысымды, 22 апаттық мектеп және 100-ден астам мектепте орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Жалпы 2025 жылы 214 мың оқушы орнына арналған 141 мектептің құрылысы аяқталды»,— деді спикер.

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар