Жаңалықтар
Мемлекет басшысы өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды
- author AR-AY
- 24 желтоқсан, 2025
- 148
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды arainfo.kz
«Тағы бір мәселе: елордада жұмыста жүріп жарақат алу деректері көбейіп барады.
Жыл басынан бері қаладағы өндіріс орындарында 32 адам зардап шегіп, 12 адам қаза тапқан.
Әкімдік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс.
Жұмыс орнында болуы мүмкін қауіп-қатерлерді саралап, оқыс оқиғалардың алдын алу қажет. Әр қайғылы оқиғаның себеп-салдарын мұқият зерделеп, тиісті қорытынды жасаған жөн», - деп тапсырма берді ол.
Келесі мақала
Қазақстан бойынша бүгінге дауылды ескерту жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында Тазару күніне орай кең көлемді экологиялық акция өтті
- авторAR-AY
- 23 наурыз, 2026




