Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, жобаға 9-сыныптың 20 оқушысы арнайы сыныпқа қабылданды. Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев қатысып, оқушыларды жаңа бастамамен құттықтады. Салтанатты рәсім барысында жас сақшылар ант қабылдап, заң мен тәртіпке адал қызмет етуге серт берді.

Шара аясында мектеп директоры мен аудандық полиция бөлімінің бастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ полиция мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, «Жас сақшы» жобасы жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін арттырып, отансүйгіштік рухын қалыптастыруға және полиция қызметіне қызығушылықты дамытуға ықпал етеді.





