Қазақстан шорт-трек құрамасы биылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен Әлемдік турдың қорытындысы бойынша 9 Олимпиада лицензиясына ие болды.
Бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан.
Лицензиялар бөлінісі:
Микст:
• 2000 м – 1 лицензия
Ерлер:
• 500 м – 2 лицензия
• 1000 м – 1 лицензия
Әйелдер:
• 500 м – 2 лицензия
• 1000 м – 1 лицензия
• 1500 м – 2 лицензия
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында норматив орындап, тағы 2 Олимпиада лицензиясын иеленген болатын. Осылайша, Қазақстанның Олимпиада жолдамаларының жалпы саны 11-ге жетті.
Олимпиадаға қатысатын спортшылардың түпкілікті саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады.
Айта кетейік, XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады.




