Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастармен кездесу өтті

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастармен кездесу өтті
Автор
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы белсенді жалғасуда. 2025 жылғы 26 қарашада Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде жастармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында акцияның маңызы туралы айтылды, деп хабарлайды arainfo.kz

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – табиғатты қорғауға бағытталған бірегей бастамалардың бірі. Бұл шараның мәні тек қоқыс жинауда ғана емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда жатыр. Акция халықты бір мақсатқа біріктіріп, табиғатқа жанашырлық танытуға, өз ауласынан бастап туған өлкесін таза ұстауға үндейді. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық мәдениет артып, келешек буын үшін экологиялық қауіпсіз әрі көрікті орта қалыптасады. «Таза Қазақстан» – әр азаматтың жауапкершілігін арттыратын маңызды қозғалыс», – деді белсенді жас А. Лесбек.

Осындай бағыттағы іс-шаралар облыс бойынша да өткізілді.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданының жастары Аса өзенінің жағалауына тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 745 өтінім  түскен. Телеграмм-ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға, көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты болды.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясына 109,4 мың адам және 1,8 мың кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Іс-шара аясында 56 тарихи-мәдени ескерткіштер, 100,5 мың шаршы метр  тұрғын үй аулалары, 3,1 шақырым көше жолдары, 858,8 шақырым арық жүйелері мен каналдар және 81,6 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 12,1 мың  тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар