Президент қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды
- author AR-AY
- 14 қараша, 2025
- 99
"Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді", – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды. Атап айтқанда, бір адам – «Парасат» орденінің кавалері, саланың 6 өкілі «Құрмет» орденінің иегері атанды. II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 1 азамат, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 10 адам, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 6 еңбеккер марапатталды.

Сондай-ақ, бүгінгі іс-шарада «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ауыл шаруашылығы саласында озат атанған төрт азаматқа алғаш рет тапсырылды.
Қаржыгерден – әскериге: тектілік пен парыздың үлгісі
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 141 жаңа мектеп ашылып, үш ауысым мәселесі шешілуде
- авторAR-AY
- 29 желтоқсан, 2025




