Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан құрамасы садақ атудан алғаш рет Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы садақ атудан алғаш рет Азия чемпионы атанды
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан спорт тарихына тағы бір айтулы жетістік жазылды. Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия чемпионатында ұлттық құрамамыз алғаш рет блоктық садақ атудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Финалдық бәсекеде Ділмұхамед Мұса, Бунед Мирзаметов және Андрей Тютюннан құралған қазақстандық команда Үндістан құрамасын 240:228 есебімен жеңіп, құрлықтың үздігі атанды.

Жолдама кезеңдерінде отандастарымыз 1/8 финалда Иракты (234:225), ширек финалда Иранды (233:231), ал жартылай финалда Корея құрамасын (236:235) тізе бүктірді.

Айта кетейік, садақ ату — елімізде жүйелі түрде дамып келе жатқан 46 басым спорт түрінің бірі.

Биыл қазақстандық спортшылар бірқатар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, семсерлесуден алғашқы медаль, спорттық гимнастикада Азия жарыстарындағы алғашқы алтын, көркем гимнастикада алғашқы екі дүркін әлем чемпионы, ал дзюдода әйелдер арасындағы тұңғыш күміс медаль жеңіп алынды.

Бұдан бөлек, World Boxing ұйымының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды (7 алтын, 1 күміс, 2 қола) иеленді. Конькимен жүгіруден 100 метрге бейресми әлемдік рекорд тіркелсе, шорт-трек пен фристайл-акробатикада қысқы Азия ойындарында алғашқы алтындар қоржынға түсті. Сондай-ақ, парабиатлоннан маусым қорытындысы бойынша еліміз алғаш рет «Хрусталь глобусқа» қол жеткізді.

Азия чемпионаты 14 қарашада өз мәресіне жетеді. Биылғы додаға құрлықтың 29 елінен 207 спортшы қатысуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар